МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ТАПСЫРМА ИДЕЯЛАРЫ

← Артқа қайту
Қазіргі заманда жастардың ақпаратты қабылдау және өңдеу дағдылары цифрлық платформалармен тығыз байланысты. Сондықтан экологиялық дүниетанымды қалыптастыруда мультимедиялық тапсырмаларды қолдану – білім алушылардың қызығушылығын арттыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, экологиялық сауаттылығын өмірмен байланыстыра түсіндіруге мүмкіндік береді.

Мақсаты: экологиялық тақырыптарды талқылау арқылы білім алушылардың сөйлеу мәдениетін, аналитикалық ойлауын және зерттеу дағдыларын дамыту.

Тапсырма сипаттамасы:

  • 3-5 минуттық подкаст жазу;
  • Тақырыптар: «Тұрақты даму деген не?», «Кампустың экологиялық жағдайы», «Әжімкетті сұрыптау тәжірибесі»;
  • Интервью, сұхбат, сараптамалық форматта болуы мүмкін.
  • Құралдар: Voice Recorder, Anchor, Audacity, т.б.

Мақсаты: экологиялық мәселелерді визуалды түрде көрсету және аудиторияға нақты әрекет жасауға үндеу.

Тапсырма сипаттамасы:

  • 2–4 минуттық қысқаметражды влог;
  • Мысалы: «Менің экологиялық бір күнім», «Қоқыссыз өмірге 7 күндік челлендж», «Кампус табиғатын қорғау жолдары»;
  • Видео монтаж жасап, YouTube, TikTok, Instagram платформасында жариялау.
  • Құралдар: Canva Video, CapCut, InShot, Adobe Premiere Rush.

Мақсаты: экологиялық ақпарат тарату, желі арқылы аудиториямен экологиялық әрекеттерді насихаттау.

Тапсырма сипаттамасы:

  • Оқытушы ұсынған немесе топ таңдап алған экологиялық тақырып бойынша аккаунт жүргізу;
  • Мазмұнына: инфографика, кеңестер, челлендждер, экоқызықтар, фотолар;
  • Мысалы: @green_studentlife, @eco_habit_kz.
  • Бағалау: мазмұн сапасы, аудиториямен байланыс, визуалды креатив.

Мақсаты: студенттердің табиғатқа деген күнделікті қарым-қатынасын бақылау, экологиялық ойларын жүйелеу.

Тапсырма сипаттамасы:

  • Апталық немесе 21 күндік күнделік форматы;
  • Әр күннің экологиялық қадамы, байқауы, ой түйіндері жазылады;
  • Қосымша сурет, жапсырма, QR-кодпен мәлімет енгізу мүмкін.
  • Ұсынатын платформалар: Google Docs, Notion, Canva Journal шаблондары.
Басты бет Мазмұны