| Экологиялық дүниетаным |
Табиғат пен адам арасындағы үйлесімдікті тануға бағытталған көзқарастар жүйесі, экологияға қатысты білім, сенім және әрекет бірлігі. |
| Экологиялық мәдениет |
Табиғатпен саналы қатынас орнатуға бағытталған құндылықтар, білім, дағдылар мен тәжірибелік мінез-құлық. |
| Экологиялық сана |
Табиғатқа деген ішкі жауапкершілік сезімі мен қоршаған ортаға қатысты ұстанымдар жиынтығы. |
| Экологиялық тәрбие |
Білім алушыларда табиғатты сүю, қорғау және сақтау ұстанымдарын қалыптастыруға бағытталған жүйе. |
| Экологиялық тәрбиелеу |
Қоршаған орта туралы білім мен оны қорғауға бағытталған әрекет ету қабілеті. |
| Экологиялық құндылықтар |
Табиғатта балансты сақтау, қоршаған ортаны қорғау мен моральдық-этикалық бағыттағы ұстанымдар. |
| Жасыл ойлау (green thinking) |
Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған экологиялық саналы ойлау жүйесі, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен үнемдеу дағдылары. |
| Экожүйе |
Тірі организмдер мен олардың тіршілік етуін қамтамасыз ететін ортаның өзара байланысқан және тұтастай біртұтас функционалды бірлігі. |
| Тұрақты даму |
Қазіргі қажеттіліктерді болашақ ұрпақтың мүмкіндіктеріне зиян келтірмей қанағаттандыру қағидасы. |
| Биоәртүрлілік |
Жер бетіндегі барлық тірі организмдердің түрлік, генетикалық және экожүйелік алуан түрлілігі. |
| Экологиялық менеджмент |
Табиғи ресурстарды тиімді басқару және экологиялық тәуекелдерді азайту әдістері мен стратегиялары. |
| Экологиялық психология |
Адам мен қоршаған орта арасындағы психологиялық өзара әрекеттестікті зерттейтін ғылыми бағыт. |
| Эко-клуб |
Табиғатқа деген ішкі жауапкершілік сезімі мен қоршаған ортаға қатысты ұстанымдар жиынтығы. |
| Экологиялық экономика |
Экономикалық қызмет пен қоршаған орта арасындағы байланысты зерттейтін ғылым саласы. |
| Экологиялық этика |
Табиғатқа моральдық жауапкершілікпен қарауға бағытталған философиялық қағидалар жүйесі. |
| Сараптамалық бақылау |
Білім алушының экологиялық білімін, дағдысын және құндылықтарын жүйелі түрде бақылау мен бағалау әдісі. |
| Модульдік оқыту |
Белгілі бір экологиялық тақырыпты терең әрі жанжақты меңгеруге бағытталған құрылымдалған оқу жүйесі. |
| Экологиялық тәлімгерлік |
Табиғатты қорғауға қатысты тәжірибелі мамандардың білім алушыларды бағыттауы, қолдауы мен үлгі көрсетуі. |
| Биоэтика |
Адам мен табиғаттың биоәлемімен өзара әрекетіндегі моральдық-этикалық мәселелерді зерттейтін ғылым саласы. |
| Тұрақты тұтыну |
Табиғи ресурстарды саналы әрі үнемді пайдалану қағидатына негізделген тұтыну түрі. |