Креативті тапсырмалар мен постер презентациялар

← Артқа қайту
Мақсаты: Экологиялық тақырыптарды эстетикалық, көркемдік және визуалды жолмен ұғындыру арқылы білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту, экологиялық ойлауын қалыптастыру және көпшілікке әсер етудің заманауи құралдарын меңгерту.

Қолданылатын формалар:

  • Постер
  • Инфографика
  • Слайд–презентация (PowerPoint, Canva т.б.)
  • Комикс
  • Көркем сурет
  • Мультимедиялық бейнеролик

Тапсырма үлгілері:

  1. «Менің болашақ экологиялық әлемім» – А4 форматында постер жасап, таза әрі жасыл болашақ туралы ойын бейнеле.
  2. «Экология және адам» тақырыбында 5-слайдтан тұратын презентация жаса.
  3. «Табиғат үн қатадЫ» – комикс түрінде табиғаттың адамға айтары туралы әңгіме құрастыр.
  4. «Қоршаған ортаның жағдайы» тақырыбында инфографика құрастыр және ұсын.
  5. «Бізді қоршаған табиғат» – туған өлке табиғатының сұлулығын бейнелейтін көркем сурет сал.

Бағалау өлшемдері:

  • Мазмұн тереңдігі мен дәлдігі
  • Идеяның көркем және логикалық мәнері
  • Визуалдық тартымдылығы
  • Креативтілік пен жаңашылдығы
  • Қатысушының көзқарасы мен шешімінің нақтылығы
Басты бет Мазмұны