Проблемалық тапсырма
← Артқа қайту
Тапсырма атауы:
«Университет кеңістігіндегі экологиялық қауіпсіздік: мәселе бар ма, шешім қандай?»
Мақсаты:
Білім алушылардың сыни ойлауын дамыту, нақты экологиялық мәселелерді анықтай білу және оларды шешудің мүмкін жолдарын ұсыну қабілетін қалыптастыру.
Нұсқауы:
Сіздің оқу орныңызда немесе кампус аумағында экологиялық сипаттағы қандай да бір өзекті мәселені таңдаңыз (мысалы: қоқыс жәшіктерінің жетіспеушілігі, жарықтың босқа жанып тұруы, суды үнемдемеу, жасыл кеңістіктің жетіспеуі т.б.).
Осы мәселені зерттеп, келесі құрылыммен шағын аналитикалық жоба ұсыныңыз:
Осы мәселені зерттеп, келесі құрылыммен шағын аналитикалық жоба ұсыныңыз:
- Мәселенің сипаттамасы: Не себепті бұл мәселе маңызды?
- Дәлелдер мен деректер: Фотосурет, студенттер пікірі, сандық мәліметтер.
- Мәселенің ықтимал салдары: Егер бұл мәселе шешілмесе не болуы мүмкін?
- Ұсынылған шешім жолдары: Жаңа бастама, жоба, волонтерлік акциялар.
- Сіздің рөліңіз: Жеке/топтық қатысу үлгісі.
- Форматы: 2–3 бет (A4), қосымша иллюстрация, диаграмма, фотосурет қосуға болады.
Бағалау критерийлері:
- Мәселені нақты анықтауы (20%)
- Дәлелдер мен деректердің сапасы (20%)
- Шешім жолдарының тиімділігі (30%)
- Шығармашылық және құрылым (20%)
- Грамматикалық сауаттылық (10%)
Тапсырма атауы:
«Бір реттік пластик: қолайлылық па, қауіп пе?»
Мақсаты:
Білім алушылардың экологиялық тұтыну мәдениетін сын тұрғысынан бағалауына ықпал ету, пластиктің қоршаған ортаға әсерін зерттеу арқылы экологиялық жауапкершілікке баулу.
Нұсқауы:
Күнделікті өмірде қолданылатын бір реттік пластик түрлерін (стақан, бөтелке, қасық, пакет т.б.) зерттеңіз. Төмендегі сұрақтар бойынша шағын зерттеу жүргізіңіз:
- Университет ішінде бір реттік пластиктің қолданылу жиілігі қандай?
- Бұл материалдарды қайта өңдеу мүмкіндігі бар ма?
- Пластикті экологиялық таза баламалармен алмастыру жолдары қандай?
- Сіз осы мәселені шешу үшін қандай қадамдар ұсына аласыз?
Форматы:
• 2 бет (A4).
• Интервью, фото немесе кесте қосуға болады.
• Интервью, фото немесе кесте қосуға болады.
Тапсырма атауы:
«Экологиялық бейсаналылық: ұсақ қателіктердің үлкен зардабы»
Мақсаты:
Білім алушылардың күнделікті әрекеттеріндегі экологиялық мінез-құлықты зерделеу және өзіндік рефлексия арқылы экологиялық сана қалыптастыру.
Нұсқауы:
Нәтижелерді күнделік форматында жазып, соңында қысқаша сараптама жасаңыз:
- Қандай әрекеттеріңіз экологиялық бейсаналылықты көрсетті?
- Болашақта осы қателіктерді жою үшін қандай өзгеріс енгізесіз?
- Университеттегі экологиялық мәдениетті арттыру үшін қандай ұсыныс айта едіңіз?
Форматы:
• 1 бет күнделік
• 1 бет рефлексия және ұсыныстар
• 1 бет рефлексия және ұсыныстар